Ызалы адам
Бұл бетте «Ызалы адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұлтты түндей боп
Тұнжырайды да отырады.
Қабағын түйiп,
Тiсiн шықырлатып
Қынжылады да отырады.
Ызаның құмы қуырып
Ерiнi! –
Кезерiп кеткен.
Ызаның уы құйылып
Бетi! –
Безерiп кеткен.
Айдалада тұрып
Кiжiнiп тұрады.
Қуаныш көрсе де
Әлем-жәлем боп
Бұзылып тұрады.
Тiсiн басса –
Кеңiрдегiңдi! –
Жiп құрлы көрмей
Қырқып жiберердей.
Тырнағын салса –
Төс етiңдi!
Терiдей айырып
Жыртып жiберердей.
Абайсыз сөйлесең
Сойылы – қақ басыңа! –
Сарт ете түсетiндей.
Жарасына қол тиген –
Ит құсап! –
«Арп» ете түсетiндей.
Осы адамнан қорқам.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі