Бұл бетте «Өкініш» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Менiң тiлiм
Көктей биiк,
Теңiздей терең
Даладай кең едi.
Кiмдердiң тiлiнен кем едi?!
Салтанаты келiсiп
Үкiлi құндыз бөрiктей
Құлпырып тұратын;
Бәйгеден келген тұлпардай,
Ет қызуын баса алмай,
Ауыздығын
Қарш-қарш шайнап
Жұлқынып тұратын;
Дауысын –
Найзадай көкке шаншылтып –
Шамырқанып сөйлесе
Аспанның асты
Толып кететiн;
Таспен қалаған қамалыңды
Тоған құрлы көрмей
Орып кететiн.
Оның екпiнi –
Қанатымен дауыл тұрғызып,
Нөсер төктiретiн
Самұрық құстың
Екпiнiндей едi.
Оның тепкiнi –
Арланға түскен бүркiттiң
Тепкiнiндей едi.
Сөйлеп-сөйлеп кеткенде
Мұхиттай тебiрентiп,
Теңiздей толқытатын.
Шiренiп келген жауыңды
Қоянның көжегiндей бұқтырып,
Жапырақтай қалтыратып
Қорқытатын.
Қайда қазiр сол тiлiм?
Жолбарыстай
Шиыршық атқан тiлiмiз
Мияулаған мысық болды.
Бөрiдей
Сұсты тiлiмiз
Қанден-күшiк болды.
Босағада қалды.
Жүн-жұрқа жататын
Тасаларда қалды.
Өкiнгенiмде
Өзегiм өртенiп,
Жан-жүрегiм
Егiлiп жатады.
Көзiмнiң жасы
Балқыған қорғасындай боп
Омырауымды
Тiлiм-тiлiм етiп
Төгiлiп жатады.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі