Азған елдің хандары
Бұл бетте «Азған елдің хандары» атты Ыбырай Алтынсарин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Азған елдің хандары,
Тақ үстінде отырғандары.
Жарлыдан алып байларға,
Сыйлар берсе керек - ті.
Азған елдің қожасы,
Қыдырып келер есікке.
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке.
Балаларын бастырып,
Қатындарын састырып,
Төрге қарай ұмтылып,
Тамақ үшін қылғынып,
Дуа қылса керек - ті.
Азған елдің молдасы,
Үлкен болар сәлдесі.
Аса бауыр қылмаңыз,
Оның рас емес олдасы.
Көрмей - білмей біреуге,
Куәлік берсе керек - ті.
Азған елдің биінің,
Барар болсаң алдына.
Алым берсең тамағына,
Қарар ма ол сенің әліңе?
Қорадағы малыңа,
Төре берсе керек - ті.
Азған елдің байлары,
Ұлық тұтар басын - ай.
Қайда дәулетті адам болса,
Берер соған асын - ай.
Көзін сүзіп бір кәріп,
Төгіп келсе жасын - ай,
Бермек түгел, бейшараны
Масқара қылса керек - ті.
Береке кеткен елдерде
Күн қысқарса керек - ті.
Алатаудай атаға,
Ұл қышқырса керек - ті.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпытқан,
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргектеп,
Қорғасын оқтай балқытқан.
Айналасына ас қойып,
Айдынды көлдей шалқытқан.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Сондай сорлы анаға,
Қыз қышқырса керек - ті.
Азған елдің адамына
Айтсаң тіліңді алмаған.
Кетсе шарлап жия алмағай.
Бір Тәңірдей ұялмағай,
«Бүгін тоба қылайын.
Қашан тоба қылғанымша.
Үзіп - жұлқып алайын», - деп,
Өлшеп берген өмірін
Зия қылса керек - ті...
Өте күшті
тамаша жазыдлган кинги урпактарга улги онеге болып калары созсиз
Өте керекті нәрсе
узак ары шыншыл
Мағынасы оте терең екен
Мен жаксы коретин акин
Оте керемет маган унады
өте керемет
04: 12: 17ж күшті
Маған ұнады класс
Өте керемет
өте күшті маған ұнайды
Керемет өлеңдер.Ыбырай Атамыз əкесінен4жаста айырылған содан атасыБалқожанын қолында өседі сондықтан Ыбырай атамыз Балғожа атасына арнаған..
ӘСЕРЛІ
Өте мағыналы күшті маған ұнады
Жаттауға киын екен, жарыста айтуға болатын өлең
Ұнайды маған
Мағынасы өте тереңде екен.Бұл өлең маған өте қатты ұнады.
Маған ұнады бірақ бұл сайтқа бір жаманы өйткені неге мақал мәтел жоқ
Мақал мәтел бөлімінде өте көп мақал мәтелдер бар
Неге қысқа 3-4 шумақ өлеңдері шықпайды
Өте қиын екен неге бөліп жазбаған
Скучно????
Жақсы
Өте қүшті жазылған. Мен өзім түркімен азаматымын .әңгімелерді оқып тәсірленіп кеттім
Өте тамаша,керемет
керемет
Терең мағыналы
Ыбырай Алтынсариннің «Азған елдің хандары» — қоғамдағы әділетсіздік пен адамдар арасындағы теңсіздікті өткір сынмен көрсететін поэтикалық шығарма. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік топтардың мінез‑құлқын, бай‑кедей арасындағы қарым‑қатынасты бейнелейді: азған елде билік пен байлыққа ие адамдардың іс‑әрекеттері, молда мен би бейнелері арқылы әділдік пен әділетсіздік тақырыбы қонымды суреттеледі.
Өлеңде «Азған елдің қожасы… баласын бастырып… тамақ үшін қылғынып» деген жолдар арқылы шынайы қоғам шындығы мен адамдық қылықтардың маңызы оқырманға ой салатын тілмен жеткізіледі.
Мен бұл шығармаға қарап, қоғамдағы теңдік пен адамгершілік мәселелеріне поэзия арқылы терең көз жүгіртуге мүмкіндік алғанымды түсіндім. Мұндай өлеңдер қазақ әдебиетінің әлеуметтік сынаққа бай мазмұнын және рухани тәрбиелік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Өте жаман
Өлшеп берген өмірін
Зия қылса керек - ті... не деген сөздер, керемет!
Керемет өлең
Ыбырай Алтынсариннің «Азған елдің хандары» өлеңін оқып, қазақ әдебиетіндегі сыншылдықтың қаншалықты терең тамырлы екеніне тағы бір көз жеткіздім. Бұл шығарма – тек өлең емес, сол кездегі қоғамның дертіне айналған әділетсіздікке, парақорлыққа, надандыққа батыл соғылған өткір сын.
ешкерман 671488