Біреу бар
Бұл бетте «Біреу бар» атты Абыл Тілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Біреу бар жоқшылықтан өле алмайды,
Біреу бар аяқ басып жүре алмайды.
Біреу бар буаз аққу сияқтанып,
Назданып аяқ-басын бүге алмайды.
Сұлу бар бидай өңді, кылымсыған,
Еркелеп, сөйлей алмай, ыңырсыған.
Арадан айлар өтіп көргеніңде,
Дәт көңіл шыдай алмай, тыпыршыған.
Ақ маңдай, ителгі көз, алма мойын,
Қанды бет, жазық маңдай, ыссы қойын,
Алыстан ат арытып келгеніңде,
Балқиды қорғасындай тұла бойың.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі