Ниет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ниет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 971
Алып жерiм
Мұңданып жатыр.
Асыл көлдерiм
Жуынды құйылған итаяқтай
Былғанып жатыр.
Кiлемдей құлпырған Даламды
Күйе жалап,
Шегiртке жалмады.
Сау жерi қалмады!
Менiң кейде
Көлдерiмнiң бетiн
Аспандағы бұлттармен
Сүртiп алғым келедi.
Менiң кейде
Ұлы Даламды
Шегiртке, күйеден
Тазартамын деп
Кiлемдей қағып
Сiлкiп алғым келедi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ниет өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ниет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ниет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ниет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері