Ұмытқан жоқсың ба? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ұмытқан жоқсың ба?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1154
Ұмытқан жоқсың ба?
Алдыңа гүл бiткендi –
Шам құсатып! –
Жағып қоятын едiм ғой.
Жұлып ап – омырауыңа! –
Тағып қоятын едiм ғой.
Мен сенi
Айдың сәулесiмен
Табатын едiм ғой.
Айдың сәулесiн iшiп
Қанатын едiң ғой.
Ұмытқан жоқсың ба?
Мен саған
Бұлт жамылып
Баратын едiм ғой.
Бұлттың саусақтарымен
Терезеңдi
Қағатын едiм ғой.
Ұмытқан жоқсың ба?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұмытқан жоқсың ба? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұмытқан жоқсың ба? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұмытқан жоқсың ба? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұмытқан жоқсың ба? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері