Ұмытқан жоқсың ба?
Бұл бетте «Ұмытқан жоқсың ба?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұмытқан жоқсың ба?
Алдыңа гүл бiткендi –
Шам құсатып! –
Жағып қоятын едiм ғой.
Жұлып ап – омырауыңа! –
Тағып қоятын едiм ғой.
Мен сенi
Айдың сәулесiмен
Табатын едiм ғой.
Айдың сәулесiн iшiп
Қанатын едiң ғой.
Ұмытқан жоқсың ба?
Мен саған
Бұлт жамылып
Баратын едiм ғой.
Бұлттың саусақтарымен
Терезеңдi
Қағатын едiм ғой.
Ұмытқан жоқсың ба?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі