Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік - халық үні

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Тәңір бізді жаратқан қазақ қылып,
Жүрек менен жанымызды азат қылып.
Қазақ деген ұлы елді хақысы жоқ,
Бірде жанның қинауға азап қылып.

Болған екен тарихта сондай сорлы,
Қазақтың рухын өртеп, қылған қорлы.
Қате басты, сол бейбақ адасыпты,
Құдай оны кешірмеді, қарғыс ұрды.

Қанша жастың қаны кетті сол бір кезде,
Қанша адамның жаны кетті қайтып лезде.
Сол майданның жемісі міне бүгін,
Жайлы түн мен атқан әрбір ашық күнім.

Ей, ұрпақ, Ұлы Дала болашағың,
Болашағың, шын бақытқа жол ашатын.
Өткеннің ұлыларын ұмытпағын,
Бойды тікте, соларға ұқсайтұғын.


Пікірлер (3)

...

Өте күшті

Іңкәр

Керемет маған ұнады

Іңкәр

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тәуелсіздік - халық үні өлеңінің авторы кім?

AqnietOr — осы өлеңнің авторы.

Тәуелсіздік - халық үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тәуелсіздік - халық үні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде AqnietOr өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тәуелсіздік - халық үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.