Бодан заманы
Бұл бетте «Бодан заманы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иен далада
Ұшқан құстай
Азат едiм.
Көлге шомылып,
Желге сүртiнген
Қазақ едiм.
Дауыл құлатқан үйдей
Заман төңкерiлiп
Мойныма
Қамыт кидiм.
Маңдайым –
Ұрған соққыдан! –
Қақ жарылып қалды, –
Миым
Айрандай төгiлiп
Ақтарылып қалды.
Зорлығы
Асқына түстi
Желкем үзiлiп,
Мойным қайырылып
Астына түстi.
Қара балтасымен –
Тамырымды –
«Қарш» еткiзiп шапты.
Қара мылтығын –
Өңменiме қадап –
«Тарс» еткiзiп атты.
Араша түскендi –
Дойырдың астына алып –
Керегеге
Таңып қойды.
Елiме жарық көрсетпей, –
Құрым киiздей! –
Қараңғылықпен тұмшалап
Жауып қойды.
Еркектерiмдi тұрғызбай
Шалғайынан басты.
Әйелдерiмнiң
Етегiн ашты.
Балақтағы биттей еттi.
Ине жұтқан иттей еттi.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі