Күйінгенде – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күйінгенде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 622
Құдай-ау,
Не айтып отырсың?!.
Мен саған сүйенiп едiм ғой,
Әулие-әмбиелердей
Киелiм едiң ғой.
Мен сенi ендi, —
Дауыл болып! —
Қара бұлттардай алдыма сап
Қуып кетсем бе екен?!
Сел болып ағып
Орныңнан түк қалдырмай
Жуып кетсем бе екен?!
Шайнамай
Жұтып жiберсем бе екен,
Құмдай үгiп
Құртып жiберсем бе екен?!
Жанымды жаралап,
Ұлтыңды қаралап
Не айтып отырсың?!
Тауды –
Дию сiлкiгендей! —
Сiлкiп жiберсем бе екен?!
Бетiңе —
Аралды ұрттап ап
Бүркiп жiберсем бе екен?!
Есiңдi жи!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күйінгенде өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күйінгенде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күйінгенде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күйінгенде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері