Түнгі тұман

Бұл бетте «Түнгі тұман» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 486
Қалың тұман ішіндегі
Алып Алматы
Алатауды жастанып
Түс көруде.
Саңлау, тесіктерден
Сырадай қою
Тұманның дымқыл демі
Ішке енуде.
Қоюлығы сондай
Жуардай бетіңді.
Тұманнан шығып,
Тұманға кіріп жатқан,
Анда- санда көрінген,
Елес сияқты адамдар
Сол бір түстің
Кейіпкерлері секілді.
Қарашы,
Тұман да шебер-ақ:
Бағанадағы шамдар
Кішкентай бүлдіршіндердің
Қағазға салатын
Кішкентай- кішкентай
Сарыала күні сияқты
Әдемі-ақ.
Ілуде бір-ақ болатын
Ғажап түн еді!
Түс көрген Алматы
Арықтардағы
Сулардың даусымен
Сылқ- сылқ күледі.
Қаншама жылдар
Шаршап-шалдыққан
Айқай, шулар мен
Әрнеден —
Алматының
Мұндай ұйқысын
Көптен көрмеп ем.
Алматы осылай
Алаңсыз тыныстап жатса
Мына тірліктен
Риза болып кетермін.
... Сонан соң
Ұйқыдағы алып Алматы
Оянып кетпесін деп
Ақырын ғана жатып
Көрпемді бүркеніп жөтелдім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түнгі тұман өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түнгі тұман өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түнгі тұман өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түнгі тұман өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері