Кешегi көсемдер және – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кешегi көсемдер және» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.06.2022
  • 0
  • 0
  • 681
Қақ төрiмiзде iлулi тұратын
Кешегi көсемдердiң портреттерiн
Сыпырып-сиырып ап
Қоқыстарға лақтырдық.
Қалғандарын отқа жақтырдық.
Құдайсыз мұрттысын
Мұртын сындырып жазалы еттiк.
Құдайсыз сақалдыларын
Сақалдарынан тартып
Мазақ еттiк.
Өзендерге көпiр болардай,
Арқаларынан арба өтердей
Тонналаған алып ескерткiштерiн
Трос салып құлаттық.
Сонымызбен –
Әкесi өлсе жыламайтын! –
Тiрi жүрген құдайсыз бiреулердi
Етектерiн жасқа толтырып
Еңкiлдетiп жылаттық.
Айдауларда,
Қуғын-сүргiндерде жүрген
Өзiмiздiң шалдар
Қайтып оралды.
Көмiлiп қалған сөздерiн
Айтып оралды.
Сөздерi –
Ұғымға кiрдi.
Өздерi –
Тасқа айналып
Тұғырға мiндi.
Соларға қарашы!
Бiреулерi –
Түйе қарап шыққандай! –
Аттардың үстiнде
Қоқиып-қоқиып отыр.
Қалғандары
Бiр-бiр тастың үстiнде –
Түзге шыққандай! –
Шоқиып-шоқиып отыр...
Ұят-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешегi көсемдер және өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кешегi көсемдер және өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешегi көсемдер және өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кешегi көсемдер және өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері