Құдай-ай, не iстейiн?
Бұл бетте «Құдай-ай, не iстейiн?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мынау дүние
Шоу жасап
Неменеге қуанып тұр?!
Дiнiм суалып тұр,
Тiлiм қуарып тұр.
Мына дүние
Шоу жасап
Неменеге куанып түр?!
Мынау заман
Ерең-серең,
Қалбаң-құлбаң
Көлеңкелер мен
Елестердiң заманы ма?!
Мынау алаң
Ерең-серең,
Қалбаң-құлбаң
Көлеңке мен
Елестердiң алаңы ма?
Бататын күн сияқты
Түңiлiп барам;
Құйылған құм сияқты
Үгiлiп барам.
Азуы алмас,
Аяғы орақ, —
Әлдебiр пәлелер
Шегiрткедей қаптап
Жасылымды орып барады...
Елiмнiң iшi
Ерең-серең,
Қалбаң-құлбаң
Көленкелер мен
Елестерге
Толып барады.
Құдай-ай, не iстеймiн?
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі