Сенi көрсем! – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сенi көрсем!» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 558
Сенi көрсем! —
Жан жүрегiмнiң шамдары
Тас атып сындырғандай
Өшетiнi несi;
Сенi көрсем! —
Тұла бойымнан тiкiрейiп
Шөңге мен тiкендер өсетiнi несi?!
Сенi көрсем —
Көңiлiмнiң көлiнде
Мұздар қататыны қалай?!
Сенi көрсем! —
Сөзiмде
Ызғар жататыны қалай?!
Сенi көрсем! —
Өзiмдi-өзiм
Бомба қып жарғым келедi;
Сенiң аяғың тиген жердi —
Киiз сияқты жинап ап! —
Қағып-қағып
Қайта салғым келедi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сенi көрсем! өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сенi көрсем! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сенi көрсем! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сенi көрсем! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері