Жауабы жоқ сұрақ – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жауабы жоқ сұрақ» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 778
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Бағдаршамдардың көздерi
Жыпылық-жыпылық етедi;
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Желдер уiлдеп,
Құйындар
Құтырып-құтырып кетедi.
Алдымен тыңда Сен,
Құлақ түр:
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Телефондар безiлдеп,
Жесiр әйелдердей
Жылап тұр.
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Қазақ бiткен
Бiр-бiрiне
Өртенiп қарады;
Неге бұлай,
Неге бұлай,
Неге бұлай? – деп
Тролейбустар
Аспанға қолдарын жайып,
Трамвайлар –
Қалшылдап! –
Жер теуiп барады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жауабы жоқ сұрақ өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жауабы жоқ сұрақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жауабы жоқ сұрақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жауабы жоқ сұрақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері