Шөңге

Бұл бетте «Шөңге» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 19019
Туған жердің шаңдатып төсін бүгін,
Айлы түнде шарлаймын Тосын құмын.
Өткелінен аттаймын Қарғалының,
Толқынына жанымның қосып жырын.
Балтыр түріп жүгірген баладай-ақ,
Мен келемін құм кешіп жалаң аяқ.
Табаныма бір шөңге қадалғанда,
Баяғыша жыңғылдар қарады аяп.
Қалып қойған құмның бір кеудесінде,
Өткен күнім оралып келді есіме.
Сағыныппын, дариға, туған жердің
Гүлі тұрсын, тікенек-шөңгесін де.
Көз бұлдырап, елжіреп барады ішім,
О, туған жер, сен күнсің балаң үшін.
Қалтама сол шөңгеңді салып алдым,
Бала күнді еске алып қарау үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шөңге өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Шөңге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шөңге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шөңге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері