Бестау

Бұл бетте «Бестау» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2090
Бір ананың ер жеткен,
Бес отау боп бес ұлы.
Көп қиялды тербеткен,
Бестау — оның есімі.
Бір шыңы бар еш жанның
Ізі түсіп баспаған.
Найзасындай Бестаудың,
Көкке шаншып тастаған.
Бағып қас пен қабағын,
Жалбарынып ағалап.
Басқа шыңдар балағын
Күн өткізген паналап.
Күн күркіреп жауар шақ
Сақтандырып көршісін.
Қазбекке хабар сап,
Айдаған жел елшісін.
Ағайынды бес шыңның
Айбарынан жасқанып,
Көшкен бұлттар кешқұрым
Көздерінен жас тамып.
Қатерге де ол дайын,
Қорғанбайды ұрыстан.
Бестауымен Торғайдың
Секілді бір туысқан.
Сонау көкте мекені —
Сырласқан Құс жолымен.
Жаралғандай екеуі,
Бір шебердің қолымен.
Жан-жағында кәрі адыр,
Арыстандай аш белі.
Бестау бейне қарауыл.
Айнала тау — әскері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бестау өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Бестау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бестау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бестау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері