Күшім жетпеді – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Күшім жетпеді» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 533
Аспанға шығып
Бұлттың суын
Iшейiн деп едiм;
Алатаудың
Ақ басын құшақтап
Суретке түсейiн деп едiм.
Күшiм жетпедi,
Құдiретiм жетпедi!
Ормандарды соңыма
Ертiп кетейiн деп едiм;
Сол ормандардың лебiмен
Қуарып жатқан шөлдердi
Желпiп кетейiн деп едiм.
Күшiм жетпедi,
Құдiретiм жетпедi!
Елдiң шерiн өлең қып
Селдетейiн деп едiм;
Толқып, тебiренiп жатқан
Атыраудың үстiне –
Сары уайымнан
сарғайған! –
Сарыарқаны салып ап
Тербетейiн деп едiм.
Күшiм жетпедi,
Құдiретiм жетпедi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күшім жетпеді өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Күшім жетпеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күшім жетпеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күшім жетпеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері