Бұл бетте «Бүгінгі имандылық географиясы» атты Темірхан Медетбек жазған адамгершілік туралы өлең берілген.
Қатал заман келiп
Мейiрiм деген көлiм
Сарқылды.
Қайырым деген өзенiм
Тартылды.
Сол көл мен өзенiме
Арман мен үмiттерiм
Аққу мен қаздардай
Аңсап қонушы едi.
Сол көл мен өзенiмдi
Аққайыңдай аппақ тiлектерiм
Сұрқия көзден,
Зымиян сөзден
Қоршап, қорушы едi.
Қорқау қомағайлық
Көзiмдi без қылып жiбердi:
Аққу мен қаздардай
Арман мен үмiттерiмдi
Қара мылтықтарымен
Бездiрiп жiбердi.
Аққайың – ақ тiлектерiм
Қатiгездiктiң
Балтасымен
Оталып кеттi;
Қалғандарын
Түп-тамырымен
Қопарып кеттi.
Мейiрiм деген көлiм
Доңыз аунайтын
Балшыққа айналып
Сарқылып қалды;
Қайырым деген өзенiм
Көк есек кешiп өтетiн
Жылға боп
Тартылып қалды...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі