Халық қаһары
Бұл бетте «Халық қаһары» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қабат-қабат – үстiңе! –
Шойын киiп алсаң да,
Сол шойыннан
Қолыңа
Сойыл құйып алсаң да –
Халық қаһары
Тозған шүберектей етiп
Жыртып тастайды,
Бұта құрлы көрместен
Қырқып тастайды.
Бiлiп ал қуатын:
Күркiреп, күрпiлдеп жатқан
Көктiң iшiнен –
Қақ айырып! –
От лақтырып ұратын
Халық қаһары! –
Сұрапыл.
Шойын кисең де
Мақтадай лап етiп
Жанып кетесiң,
Қуыс-қуысты қуалап
Сынап боп ағып кетесiң.
Халық қаһарланса
Ештеңең қалмайды!
Қалса,
Қара ниеттi
Пиғылың ғана қалады;
Арланға ұмтылған
Төбет сияқты
Қарға шаншылып
Құйрығың ғана қалады.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі