Өлеңіммен кездесу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өлеңіммен кездесу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 570
Көшемен келе жатып
Бiр бұрышта
Өзiмнiң Өлеңiмдi көрдiм.
Жүзi өрт жалағандай
Қабарып кетiптi.
Көздерi түрмеден шыққандай
Аларып кетiптi.
Ендi бiр қозғалса –
Жүрегiмнiң қаны сiңген! –
Әрiптерi төгiлiп кетердей.
Буын-бунақтары
Тiгiстерiнен қақырап
Сөгiлiп кетердей.
Өлеңiм-ау, саған не болды?!
Ел туралы жыр едiң ғой,
Жер туралы жыр едiң ғой,
Сол ел мен жердiң
Қамын ойлап жылаған
Шер туралы жыр едiң ғой.
Саған не болды?
Жақындап ем
Өн бойы ширыққан
Назаға толып тұр екен.
Өн бойы булыққан
Азаға толып тұр екен.
Менi танымады.
Кенет тұла бойын
Сорғалап төгiлген
Қан басып кеттi.
Айналасында үйiрiлген
Құм мен күл,
От пен су,
Құйын мен найзағай
Бiр-бiрiмен арпалысып,
Арбасып кеттi.
Мынадай
Дүлей дүниеден
Өлеңiмдi құтқарғым кеп
Ұмтылдым.
Дариядағы
Сеңдей сөгiлiп,
Зiлзала кезiндегi
Жердей жыртылдым...
Құтқара алмадым.
Үйiрiлiп құтырған
Бiр құйын кеп
Өзiмдi ұшырып
Алып кеттi.
Бiр бұлт кеп
Найзағайымен
Менi қақ айырып
Жарып кеттi.
Көшеде жайрап жаттым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өлеңіммен кездесу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өлеңіммен кездесу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өлеңіммен кездесу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өлеңіммен кездесу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері