Бұл бетте «Адам өлтiрген адамды іздеу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам өлтiрген адам
Табылмады.
Iздеушiлер де,
Iз кесушiер де
Өтiрiк-шыны аралас
Барын салды.
Бәрiбiр табылмады.
Бу болып
Аспанға ұшып кеткендей,
Тас болып
Суға түсiп кеткендей,
Жоқ! Жоқ! Жоқ!
Қаратаудың қуыс-қуысын
Ашып қарады;
Алатаудың
Тасы мен жартастарын
Олай-бұлай лақтырып
Шашып қарады;
Арқырап жатқан
Атырау толқындарының
Бүктеулерiн
Матадай жазып қарады;
Жерге кiрiп кеттi дедi ме -
Сарыарқаның арқасын
Бұрқыратып ! -
Қазып қарады!
Табылмады!
Олар ендi
Аспанда жөңкiп көшкен
Бұлттарды ақтарып жатыр.
... Көздерiнде қауiп бар:
Бәрiн көрiп тұрған
Алла тағала
Жасын-оғымен
Жайратып сала ма деп
Ақтарып жатып
Сақтанып жатыр.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі