Өлең, жыр, ақындар

Сөйткен кәрі Бетпақты

  • 09.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2594
Сөйткен кәрі Бетпақты
Өзімсініп бүгін тым,
Серпіні де бек қатты,
Отыр менің жігітім.
Отыр ол әне ортада
Әңгімені қыздырып,
Достары соны қоршағай
Бар шығар сірә жүз қырық
Барлығы соған қүмартып,
Соның аузын бағады;
Алғысын да күнде айтып,
Арқасынан қағады.
Оқушы достым, ғафу ет,
Сәл кешігіп қалдым мен,
Керек еді-ау документ
Ол туралы алдымен:
Ол бір колхоз ішінен,
Ол өзінің үйінен
Келді шағын күшімен,
Жүрегінін, сыйымен.
Кейде төсеп топырақ
Табанына темір жол,
Қейде осылай отырар
Алдына алып өмірді ол...
Өзге түгіл өзім де
Танымаушы ем басында,
Кешкі тамақ кезінде -
Палатканың қасында --
Бір тіл қатпай тұрған ол
Бес-он минут жат болып;
Отырған соң құйған ол
Жүз грамды қақ бөліп.
- Кел ішейік, дос!- деген,
Біздер жұтып салғанбыз:
- Шылымға ақша қос!-деген,
Сонда ұялып қалғанбыз.
Біреулерден сый көріп,
Ине-жіп те алысқан;
Біреулерге нан беріп,
Барлығымен танысқан.
Танып алдық үстінде
Белбеуі жоқ бос халат,
Бола қалды үш күнде
Өзіміздің Есболат.
Сен де таныс, оқушым,
Дәл осы бір адаммен,
Саған жолдас ету үшін
Немді аяйын одан мен?!
Өлеңімді аясам,
Өкпе алармын мұнымңан:
Олақтығымды аясам,
Құр қалармын сыныңнан.
Бәрін бердім.
Иіліп
Таныс менің досыммен;
Ол да өзінше түйіліп,
Ол өзінше шешілгей.
Ол да өзінше шалқыған
Ұзыннан-ұзақ бір дастан;
Оншалық мен шалқыман,
Оншалық, мен сырды ашпа.
Қолхозда оның өскенін
Ерте бір кезде туғанын,
Соғысқа да түскенін,
Қанымен қарды жуғанын.
Ауылдан жүз хат алғанын,
Ауылда жарын құшқанын,
Тағы, тағы қалғанын
Айтпас сірә дастаным.
Мінезі қандай, мінезі
Қызық кой оның сөздері.
Алдымда отыр міне өзі,
Көзімде отты көздері.
Күлгені кандай сүйкімді,
Түнергені - қорқыныш;
Ұнатпайды ол ұйқыңды,
Таппайды да бір тыныш.
Басшылардың қасында
Басшыдай-ақ тұратын, .
Аяғының, басын да,
Әдеппенен бұратын.
Жігіттердін алдында
Одан асқан қылжаң жоқ
Әйелдердің алдында
Одан момын бір жан жоқ.
Шынын айтар алдында
Шылым тартып алатын,
«Өтірік» айтар алдында
Бір жөтеліп қалатын.
«Өтірігі» залалсыз
Дуылдаған күлкі еді,
Өтірікпен ол зәрсіз
Бүйрегіңнен түртеді.
- Соғыста мен өліп қап,
Келесі күні сағатым
Құлағыма төніп қап,
Оятты,-деп те соғатын.
«Өлім деген түк емес,
Ішпей-жемей тоятын
Ертегідей бір елес
Екен»,- деп те қоятын,-
Сене қалсаң, бөркіңнің
Мандайынан басатын. .
Жатарда күлсең ұйқыңнан
Бәрі сенен қашатын.
Ал, бүгінгі сөздері
Қалжың емес, күлкі емес,
Қабағы мен көздері
He қайғының бұлты емес.
Отыр ол әні ортада
Әңгімені қоздырып,
Достары соны қоршаған
Бар шығар сірә жүз қырық.
- Сөйтіп,- дейді,- атамның
Зираты боп сексеуіл,-
Маған тастап атам мұң
Қала берген шетте бұл.
Мұң мен зарды неттім мен
Бейнет кылып басыма?..-
Оны тастап кеттім мен
Жалбыр тонның қасына.
Тек марқүмнвщ бек қымбат
Таптырмапты сүйегі,
Енді ойласам сол зират
Осы адырдың жиегі.
Қала берсін ол мұнда
Өлген солдат болсын деп
- Мен жеңейін!- дейін де,
Мен түсейін бұл сынға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағыныш

  • 0
  • 0

Азығымдай қуат алған
Көңіл күйім — сағыныш,
Оралмасам қайтып саған,
Таппай қойдым бip тыныш.

Толық

Ұмытпан

  • 0
  • 0

Ұмытпан фашизмнің мені атқанын,
Жендетке бала өлігін санатқанын;
Мектепке біз оқыған мал қамады,
Өлді ана, құлағымда оны атқан үн.

Толық

Қараңғыға қарсылық

  • 0
  • 0

Көз біткеннің жанарымен жарасқан
Жарық дүние!
Желді-құзды Жер, Аспан!
Мен сендерге құл емеспін аз күндік, –

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар