Түсінсеңдерші – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Түсінсеңдерші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 668
Қазiр менiң
Сыртым – бүтiн
Iшiм – түтiн.
Сол түтiн
Бықсып жанып
Жан-жүрегiмдi қамап,
Өкпе-қолқамды қауып тұр.
... Сол түтiнде,
Мен бiлсем,
Қатерлi қауiп тұр.
Iшкi әлемiм
Одан сайын
Көкала түтiн боп
Бықсып кетедi.
Көзiмнен жас
Ыршып кетедi.
Демiм жетпей
Алқынып қалам.
Қайрат, қуаттан
Сарқылып барам.
Мәртебелi
Мемлекет басшылары! –
Түтiн астында
Қозданып жатқан
Шоқ болады,
Ал шоқта
Ертең лап ете түсетiн
От болады!
Соны түсiнсеңдершi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түсінсеңдерші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Түсінсеңдерші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түсінсеңдерші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түсінсеңдерші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері