Көк түрік қағанына қарт абыздың айтқаны

Бұл бетте «Көк түрік қағанына қарт абыздың айтқаны» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 686
Уа, Аспанның суына,
Тәңiрiнiң нұрына
Шомылып отырған
Ұлы Қағаным,
Алдыңа кеп
Белiмдi бүгiп,
Басымды иiп тұрмын.
Аяғыңа жығылып
Сүйрiк саусақтарыңды
Сүйiп тұрмын.
Мен сенi бүгiн
Мақтайын деп те тұрғаным жоқ.
Ақиқатты аттап
Бәле-жаладан
Ақтайын деп те тұрғаным жоқ.
Тәңiрiңнiң дәргейi мен
Пәрменi арқасында
Мұртыңнан май,
Сақалыңнан бал ағып тұр ғой.
Ал халқыңа қарашы,
Жаман-жәутiкке айналып
Жан бағып тұр ғой.
Қатын, балалары
Зар қағып тұр ғой.
Соларға көз салсаң қайтедi
Әлде күндей көзiңдi
Шел басып қалды ма?!
Көлдей көңiлiңдi
Шөл басып қалды ма?!
Ел басына күн туса
Шоқпыт киген
Кiлең жаман-жәутiктер
Сiлтеп қылыш сермеп,
Шiреп найза ұра ала ма?!
Сенiң алтын тағың мен
Алтын шатырыңды
Қорғап тұра ала ма?!
Ойлансаң қайтедi!
Сен сенген
Уәзiрлер мен бектерiң
Шексiз қазынаңның
Алтынын дорбалап,
Күмiсiн арбалап
Тасып жатыр.
Қырық күн ойын,
Қырық күн тойын жасап
Асып-тасып жатыр.
Тиым болмай ма?
Күн дидарлы Ханым,
Ай дидарлы Ханшалар мен
Нұр дидарлы Ханзадалар
Елдi ит құрлы көрмей,
Сөзiн бит құрлы көрмей
Басынып барады.
Уа, Ұлы Қағаным,
Халқың ыза мен намыстан
Жарылардай боп
Ашынып барады.
Ай дидарлы ханшалар мен
Нұр дидарлы ханзадалардың
Мойындарына қыл шылбырлы
Құрық салмайсың ба?!
Ауыздарына
Қара тастай ауыр
Құлып салмайсың ба?!
Цин елiнен келгендердiң де,
Сұм елiнен келгендердiң де
Көңiлiн табамын деп
Бiреуiне иiлiп,
Бiреуiне бүгiлiп барасың.
Неге сен бiрақ
Өзiңдi ақ киiзге орап,
Ақ сүтке шомылдырып,
Ақ түйесiн сойып
Қаған еткен елiңнен
Түңiлiп барасың?!
Шалқайғанға шалқайып,
Еңкейгенге еңкейiп
Тiк келгенге
Тiк келсең қайтедi?!
Шiк келгенге – шiк,
Бүк келгенге
Бүк келсең қайтедi.
Бәрi де –
Жел сияқты! –
Келедi, кетедi.
Уа, Ұлы Қағаным,
Суы мен ауасын жұтқызып
Саған қуат берген
Жерiңмен бiрге бол.
Сенi Қаған етiп
Алтын таққа отырғызған
Елiңмен бiрге бол.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк түрік қағанына қарт абыздың айтқаны өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көк түрік қағанына қарт абыздың айтқаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк түрік қағанына қарт абыздың айтқаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк түрік қағанына қарт абыздың айтқаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері