Бұл бетте «Күздегі құлазу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтіп кеткен секілді
Жалынды өрт күнім.
Жаным жаралы,
Дерттімін!
Түсінгің келсе егер
Сен мені аш та, кір!
Жүректің үстінде
Қап- қара тас жатыр.
Жүйкем жұқарып
Діңкем құрып тұр...
Бұл не пәле:
Жарық күндерім—
Қандай жалынсыз!—
Қараңғы түндерімдей;
Біреудің күлгені—
Қандай жағымсыз!—
Иттің үргеніндей.
Шағала шаңқылын естісем
Әлдекім
Шашалып жатқандай.
Қарғаның қарқылын естісем
Әлдекім
Қақалып жатқандай.
Еркіндікте де
Арман мен үмітім—
Тар қапасқа!—қамаулы сияқты.
Күздегі сарала табиғат
Дәл қазір мен үшін
Сары ауру сияқты.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі