Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 685
Табиғат
Бу қазанының
Қақпағын ашып тастаған ба?—
Алматының үстін
Тұман басыпты.
(Менің де жанымды
Сол тұмандай қап- қалың
Күдік пен күмән басыпты)
Дәл қазір Алматыға
Аңлап басып, жөндеп кір...
Үйлер мен ағаштар
Ақ бу ішінде
Моншаға түсіп
Ағыл- тегіл
Терлеп тұр...
Қатал уақыттың
Қаншама
Күдік пен күмәнін
Көрген Алматы;
Қатал уақыттың
Қаншама
Тұманын көрген Алматы
Кенеттен
Моншадан шыға кеп,
Көзімді арбап
Құлпырып тұрды,–
Аспанның жаңбырына жуынып,
Даламның желімен—рахаттанып!—
Сүртініп тұрды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері