Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел
Бұл бетте «Алматы. Тұман. Жаңбыр мен жел» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
Табиғат
Бу қазанының
Қақпағын ашып тастаған ба?—
Алматының үстін
Тұман басыпты.
(Менің де жанымды
Сол тұмандай қап- қалың
Күдік пен күмән басыпты)
Дәл қазір Алматыға
Аңлап басып, жөндеп кір...
Үйлер мен ағаштар
Ақ бу ішінде
Моншаға түсіп
Ағыл- тегіл
Терлеп тұр...
Қатал уақыттың
Қаншама
Күдік пен күмәнін
Көрген Алматы;
Қатал уақыттың
Қаншама
Тұманын көрген Алматы
Кенеттен
Моншадан шыға кеп,
Көзімді арбап
Құлпырып тұрды,–
Аспанның жаңбырына жуынып,
Даламның желімен—рахаттанып!—
Сүртініп тұрды.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі