Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 544
Сыр суының бойында,
Қаратаудың ойында
Медетбек деген шалдың
Дүниеге келген –
Еркек кіндіктен —
Жалғыз баласы едім.
Көзінің ағы мен
Қарасы едім.
Бірақ мен —
Ертегідегідей! —
Керқұла атты Кендебай
Бола алмадым.
Ай сайын емес,
Күн сайын өсіп,
Алты күнде күліп,
Алпыс күнде жүріп кетпедім.
Толысып, тола алмадым.
Алты жасымда
Алпамсадай
Жігіт болмақ түгілі,
Кенеп дорбамды
Зорға арқалап
Мектепке бардым.
Біреуге пана болмақ түгілі
Талай – талай жерлерден
Өз басымды
Алып жүре алмай
Шеттеп те қалдым.
Аязға тоңдым,
Аптапты өкпекке жандым.
Төбемнен
Алты қаз айналып ұшып:
“Темірхан сал мұнда ма?
Керқұла аты қолда ма?
Бауда нұры балқи ма?
Балақ жүні шалқи ма?” —
деп сұраған жоқ.
Неге сұрамады деп
Күйініп, жылағам жоқ.
Төбемнен
Алты қаз айналып ұшпаған соң
Керқұла атты Кендебай құсап
Мен олардың алтын кебісін
Алып қала алмадым.
Жаяу-жалпылап жүріп
Әйтеуір тірлік, тіршілігімді
Өзімше амалдадым.
Қайтейін, көп нәрсе
Қолымнан келмеді.
Қолымнан келгенді —
Жолымды кесіп! —
Қолыма бермеді.
Бір күні
Шарасыздығыма пұшайман боп
Дидары солған,
Нұры қуарған,
Желіні суалған
Мына заманға қарап
Көзімді кезеп отыр ем,
Сөзімді безеп отыр ем, –
Төбемнен қарқ-қарқ етіп
Қалбаңдаған
Алты қарға ұшып өтті.
...Сонадай жерде
Отырған біреу —
Менің жаназамды шығарғандай! —
Бетін сипап,
Әлдене деп сып-сып етті...
Төбемнен қарқ-қарқ етіп
Қалбаңдаған
Алты қарға ұшып өтті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Өмірбаяннан үзінді немесе шарасыздық туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері