Көне құлпытастағы сурет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Көне құлпытастағы сурет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.06.2022
  • 0
  • 0
  • 650
Үстірттегі
Сисем ата қорымында
Шеттеу тұрған
Құлпытастың бетіне
Ұшып бара жатып
Қақ бөлінген
Сынған жебенің
Суретін салыпты.
Соны көрген
Жүрегім жарадай сыздап,
Жаным жабықты.
Омыртқа қайысып,
Қабырға сөгіліп тұр...
Елі үшін опат болған
Қайран боздақтың
Қабірі екені көрініп тұр.
Көзім мұнартты.
Айнала тірлікте
Жалт етіп
Әлдене аққандай,
Жарқ етіп
Әлдене батқандай...
Сынған шырпыдай ғана
Сол бір суретте
Аспаннан шатырлап
Омырылып түсетін
Отты найзағайдың
Қуаты жатқандай.
Иықтан басып алған
Қара бұлттай
Ап-ауыр мұң қандай...
Мейлі ол,
Көне қабір болса да,
Дәл осы жерде,
Дәл осы сәтте
Тағы бір
Арман опырылып,
Тағы бір
Үміт сынғандай!..
Орнымнан зорға тұрдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көне құлпытастағы сурет өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Көне құлпытастағы сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көне құлпытастағы сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көне құлпытастағы сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері