Бұл бетте «Қалай?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мына жандардың
Қасиетті кісі жатқан
Қабірлердің қасынан
Аял етіп аят оқымай
Қапылып өтетіні қалай?
Адамның есін алардай
Ғажап сұлулық көтеріп
Көзді арбап тұрған
Алқызыл гүлдерге
Қақырып кететіні қалай?
Алып жартастарға
Ғасырларға кететін
Жасын-сөздерді қашамай
Былапыт сөздерді
Қашайтыны қалай?
Кеме жасайтын
Сүйегі берік
Асыл ағаштан
Ұры мен сұқ иттерге
Итаяқ жасайтыны қалай?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі