Күздегі желді күнгі қара жаңбыр
Бұл бетте «Күздегі желді күнгі қара жаңбыр» атты Темірхан Медетбек жазған табиғат туралы өлең берілген.
Жын менен
Пері соққандай
Неткен
Дүлейлі шабыт бұл!—
Қарсы бетімнен
Желмен ұйтқыған
Қап-қара жаңбыр
Жауып тұр.
Айнала тіршілік
Бүк түсіп
Есінен таныпты, –
Мойынын ішіне тығып,
Бейшара хал кешіп
Бүрісіп қалыпты.
Әне бір ағаш
Жұлым-жұлым
Тұлдыр етегі –
Жаурап тоңған
Қайыршы секілді
Дір-дір етеді.
Үдеген сайын үдеріп
Сатырлап құтыруын-ай!
Мына жаңбырдың
Долы әйелдің қолындағы
Сояу-сояу
Сулы сыпырғыш құсап
Лас қаланы
Шуылдап сыпыруын-ай!
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі