Қазына

Бұл бетте «Қазына» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.12.2015
  • 0
  • 2
  • 25294
Америка ашқандай
Аштық талай өңірді.
Кедергісіз ешқандай
Қаздық қанша көмірді!
Қара жерді қопардық
Астары - алтын,
Тысы - шым.
Кенді судай қотардық
Мырышы үшін,
Мыс үшін!
Тұнып тұрған бір құнар
Түзім менің керең бе?
Жермай үшін бұрғылар
Жетті қанша тереңге!
Қашты жұрттың күлкісі,
Қашқаны да орынды:
Көне заман мүлкі үшін
Қаздық қанша қорымды!
Көзіңізбен көрдіңіз:
Таумыз,
Түзбіз,
Тақырмыз.
Қазып-қазып,
Жерді біз
Жегідей жеп жатырмыз!
Бүгіп қалма!
Бұлдама!
Болса елдің керегі.
Басқа түгіл,
Бұл дала
Бізге ұран да береді!
Келешекке базына
Көп сыр жатыр жазылмай.
Тарих деген қазына
Қала ма тек қазылмай?!
Өткен күн де - өнеге,
Тонна тұрар грамнан!
Тарих сонша -
Немене? -
Қауіпті ме ураннан?!


Пікірлер (2)

Инжу Куанышбекова

Керемет ❤️

Атина

Ешким осылай Кадыр агамыздай олен жаза алмас! Не деген керемет жырлар!!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазына өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Қазына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері