Орақ пен балға туралы жыр – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Орақ пен балға туралы жыр» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 968
Кешегі ұранымыз —
Өткеніңе қаратпайтын! –
“Алға!” “Алға!” болды.
Елдік таңбамыз
Орақ пен балға болды.
Сол үшін мақтандық!
Мақтанғанымыз сонша
Кеңес Одағының
Кеңістігіне симай
Жарылуға шақ қалдық...
Әлбетте,
Қару-жарақпен емес,
Еңбек құралдарымен
Мақтанғаның дұрыс қой.
(Еңбек дегенің ең асыл,
Қастерлі ұлы іс қой.)
... Дегенмен,
Өткір орағымен! –
Шөп пен астықты емес,
Адамдарды
Орып жатты.
(Судай төгілген
Қып-қызыл қанымды
Сорып жатты.)
Балғасымен
Тас- төбемнен ұрып
Қағып жіберді.
Омыртқаны опырып,
Жілігімді шағып жіберді...
... Біз осы
Анау деп, мынау деп
Өзімізді өзіміз
Неге алдай береміз?! –
Орағымен! –
Орғанда да
Қырнап орған екен —
Әлі де
Өсе алмай келеміз.
Бүгінде сөйлесек,
Түгелдей ержүрек,
Түгелдей батырмыз...
Апыр- ай
Балғасымен! –
Қақақанда да
Сіңіріп қаққан екен —
Әлі де! —
Суырылмай жатырмыз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орақ пен балға туралы жыр өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Орақ пен балға туралы жыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орақ пен балға туралы жыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Орақ пен балға туралы жыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері