Таудағы түнгі үрей – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Таудағы түнгі үрей» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 691
Тауда адастым.
Ұзамай түн басты.
Түнмен бірге
Үрей де келді:
Қарсы алдым —
Қаптаған ібіліс,
Ту сыртым
Із кескен албасты...
Тікенді бұтақтар
Жезтырнақтардың
Қолы сияқты.
Мен жүрген жол
(Егер жол болса)
Азаптың жолы сияқты.
Бойымды мұздай қып—
Бүйірімнен! –
Жын түртіп тұр...
Төбеме төніп алған
Қап- қара бір бұлт
Жалмауыздың демі сияқты
Сұп- суық
Дым бүркіп тұр.
Ту- у алыстан
Бір құстар
Сұңқылдап хабар салды,
Дегендей “тірісің бе- ей”
Шөптер мен бұталарды
Сыбдырлатқан
Желдің жүрісі
Мыстанның жүрісіндей.
Әлдене құбылып,
Әлдене қағынып тұр...
Алып жартастар
Диюлар мекеніндегі
Алып қақпалар құсап
Сықырлап ашылып,
Сықырлап жабылып тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таудағы түнгі үрей өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Таудағы түнгі үрей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таудағы түнгі үрей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таудағы түнгі үрей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері