...өйткені – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «...өйткені» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 949
Ол жүр десе,
Жүргiмiз
Келмесе де жүремiз.
О күл десе,
Күлкiмiз
Келмесе де күлемiз, –
Ақшасы көп қой өйткенi.
Жанымызға батса да
Үндеместен мүлгимiз.
Ақымақ сөз айтса да
Басымызды шұлғимыз –
Ақшасы көп қой өйткенi.
Ой айтпаған әлi бiр,
Кiм екенiн бiлемiз.
Сондадағы бәрi бiр
Жетегiнде жүремiз, –
Ақшасы көп қой өйткенi.
Ол келсе егер «айдай» боп
Қуанышқа батамыз.
Құшақтаса,
Майдай боп
Ерiп бара жатамыз, –
Ақшасы көп қой өйткенi.
Сездiрмеймiз сықырын
Теңселсе де өремiз...
Төбемiзге
Тұқылын
Сөндiрсе де көнемiз, –
Ақшасы көп қой өйткенi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...өйткені өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

...өйткені өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...өйткені өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...өйткені өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері