Бұл бетте «Күмән мен күдік» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұрын мен
Күмәнға жат едім.
Бұрын мен
Күдікке қас едім.
Достыққа
Қамалдай берік
Тас едім.
Бүгінде мен,
Е, Алла тағала,
Өзің кешіре гөр, –
Қым-қиғаш
Жолдарым-ай! –
Күмән мен күдікпен
Дос болғаным-ай!
Қайтейін,
Шын досым
Дүниеге алданып
Сатып кетті ғой, –
Сенімім шүңетке
Батып кетті ғой.
Дәл қазір
Күмәнім сылаңдап—
Тәтті сорғандай! –
Құлағымның түбінде
Күбір- күбір етеді;
Күдігім бұлаңдап—
Бал жалағандай! –
Сыбыр- сыбыр етеді.
Бүгінде маған
Күмәнім — тоқал,
Күдігім — ойнас...
... Ақыры екеуі
Менің түбіме
Жетпестен қоймас!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі