Өкініш пойызы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Өкініш пойызы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 695
Мені кейде
Сұм Өкініш пойызы
Өткен күнге — мезгілдің
Перронынан
Жұлып алып кетеді;
Өткен күнге ентелеп —
Кіре-кіре
Ақыры
Өрттей ыстық өкініш
Жанды қарып кетеді.
... Қарашы енді,
Осы ғана жерде бір,
Қайран Уақыт
Өліп қалыпты,
Мына жерде
Зат есім,
Мына жерде
Сын есім,
Әне жерде
Жалғыз-ақ
Әріп қалыпты.
Әне жерде Шылауың,
Әне жерде Одағай,
Әне жерде шалағай...
... Қайта түзеп кетуге
Қайда менің шамам-ай...
Шпалдардың тістерін
Опырып-ақ жіберер
Мына жерде айтылған
Зілдей ауыр кетті сөз;
Жүрегімді айнытар
Мына жерде айтылған
Сол бір сұмпай
Тәтті сөз.
... Құдайым-ай, құдай-ай,
Мына жерде құйылып
Қалай-қалай сайраймын, –
Соны есітіп —
Ұяттан! –
Бармағымды шайнаймын...
... Қарап тұрсам бәріне
Досың жылап,
Күншілдің
Қанады ғой айызы:
Ақ боран мен борасын,
Сақылдаған аяздың
Арасынан өтетін
Жылуы жоқ ешқандай
Қандай суық еді бұл
Өкініштің пойызы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкініш пойызы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Өкініш пойызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкініш пойызы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкініш пойызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері