Бұл бетте «Алтаймен кездескенде» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
26.06.2022
0
0
696
Дәл қазір
Жан-жүрегімнің
Ғажап бір күйді
Кешуін-ай...
Алдымнан шыға келді ғой
Арқар шүмекті
Күміс түбекті
Қарағай сүйекті
Көк түрікті тербеткен
Алтайдай бесігім-ай!
Осы бір кездесу
Іштегі шеменді
Қозғауын-ай:
Ерте-ерте ертеден
Ешкі жүні бөртеден
Келе жатқан шерімнің
Енесімен табысқан
Қозыдай маңрап,
Құлындай кісінеп,
Ботадай боздауын-ай...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі