Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге

Бұл бетте «Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1205
Омырауынан
Құт саулаған
Ауқым-ауқым бұлттары
Желін ғой бұл...
Биыл кеп
Терте шаншысаң,
Келесі жылы
Арбиған-арбиған
Арба өсіп шығатын
Құнарлы жерім ғой бұл.
Ғажабын-ай!
Жонының түгін тартсаң—
Қоңдылығы сондай! –
Қоп- қою май аласың.
Саф ауасын
Кеудеңді керіп
Сіміріп жұтсаң
Қара тасты қақ жарған
Қарағайға айналасың.
Иілсең–садақ,
Атылсаң — жебедейсің.
Көліне түссең
Тау-тау толқындарды
Туырлықтай турайтын
Кемедейсің.
Қара тышқанына дейін—
Алдыңнан! –
Балп- балп басып
Керіліп өтетінін-ай.
О, құданың құдіреті,
Шалғынға құлаған
Көлеңкеңнің өзі
Күптей боп
Семіріп кететінін-ай.
Тіпә-тіпә! –
Тіл- көзден сақтай гөр,
Неткен Жерүйық бұл:
Берекенің беліне
Белбеу жетпей,
Құттың құрсағы
Бүгін-ертең босанар
Жүкті әйелдей
Шермиіп тұр...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алатау Баурайы Әмірхан Меңдекеге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері