Бұл бетте «Қант диабеті» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Не пәле деп
Кейде өзімді
Жерлеп тұрам.
Жерлемей қайтейін,
Құйған
Жаңбыр астында да,
Көл-көсір
Судың ішінде де—
Қаталап! –
Шөлдеп тұрам.
Шөлім қанбайды!
Апыр-ай,
Көбігі тасып жатқан
Жез түсті, жел мінезді
Сыраларымды
Кеспек-кеспегімен
Бөшке-бөшкесімен
Ішкім келеді!—
Сыраға
Кеңірдектен келіп
Бөшкедей боп
Іскім келеді.
Шіркін-ай,
Атағымды осымен
Мәңгілік қалдырсам ғой:
Алдымда көл жатып,
Өзім түйеге айналып,
Күн-түні сораптап
Шөлімді бір
Қандырсам ғой.
(Арман ғой бұл).
Бүгінде
Жақыным да,
Жан-жарым да,
Дәрігерлер де
Ем-домын жасап
Дамыл алмайды.
Әурешілік! –
Өйткені менің
Тірлікке деген
Өлеңімнің де,
Өмірімнің де
Бәрі бір
Шөлі қанбайды!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі