Бұл бетте «Бір сөздің тағдыры» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ап-ауыр
Ой арқалаған
Бір сөзім
Шырқау биікке көтерілді.
Зырқырап ұшқаны сонша
Соңынан
Тіндей жіңішке
От өрілді.
Зырқырап барады! —
Оң жағында
Жұлдыздар,
Сол жағында
Ай қалып кетті.
Бұлттарыңды
Тесіп өткен ол
Жердің құйтақандай
Табиғи серігіне
Айналып кетті.
Сол сөздің
Ертеңіне алаң
Сан түрлі ойлар
Еңсеңді езіп
Басып жатады.
Сол ойлардың
Түбіне жете алмай
Басым қатады.
Құйтақандай
Сол бір сөз
Аспанға бір жұлдыз
Тағып кетер ме екен?!
Жоқ әлде
Түймедей үзіліп
Ағып кетер ме екен?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі