Қапалану
Бұл бетте «Қапалану» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мына Уақыттың
Қара суықтай
Қысуын-ай...
Жанымды қозғап,
Жүрегімді суырып
Айтқан сөздерімнің
Қураған жапырақтардай
Желменен ұшуын-ай.
Ол сөздер
Білгенге! —
Кіретін сөздер еді
Кісілік баптарына...
Қайтейін! —
Енді, міне,
Қураған жапырақтардай
Аяққа тапталуда.
Ол сөздер —
Өртең жерімнен
Өніп шыққан
Желкілдеген
Өркен еді...
Енді олар
Қураған жапырақтармен,
Қоқыстармен,
Қоқымдармен бірге
Өртенеді...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі