Сурет – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сурет» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 959
Тау бөктері.
Желпиді
Салқын леп бетімді...
... Жасыл шыршалар
Қанаты жиналып
Тауға шаншыған
Алып бір
Қолшатырлар секілді.
Бұлт шықты.
Сәлден кейін-ақ
Дүние қабарып
Түнерердей...
... Жауын басталса,
Дәулер шығып
Тауға шаншылған
Жап-жасыл қолшатырлардың
Жиналған қанаттарын
Жайып кеп жіберердей...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері