Намысты, өнерлі едің, тұнып тұрған! –
Жанат Жаубасов
Бұл бетте «Намысты, өнерлі едің, тұнып тұрған!» атты Жанат Жаубасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
(Сәкен Сері Жүнісовтың тұрған үйіне белгі тақта қойғанда келген ой)
Сол бір күзгі, есімде танысқаным,
Сағынышқа айналып, алыстадың.
Көз алдымда кешегі кесек тұлғаң
Еске салар елімнің Арыстарын.
Намысты, өнерлі едің тұнып тұрған,
Адамды, тартушы еді, Әсем тұлғаң.
Өмірің, жүріп өткен, үлгі ұрпаққа,
Кезінде, Ғабең ағаң көңілін бұрған.
Сәкен Сері, атады еркелетіп,
Еңбек еттің, халқыңа өрге жетіп.
«Жапандағы жалғыз үй»– шығармаңды,
Додаға түсірді ғой ұлтшыл етіп.
Түссе де, жасымадың дауға басың,
Ұштадың қаламыңды, ағаңдай Қасым.
Аспиранты атанып Әуезовтің,
Ғылымға да бет бұрдың, өрлеп тасың.
Сұлу Көкше, Сарыарқа туған жерің,
Ақын, батыр, ғұлама шыққан тегің.
Құлагер басқан киелі топырақты,
Жазып кеттің, зерттедің, тауып емін.
Біржан Сал, Үкілі Ыбырай, Ақан Сері,
Халқына танытқан сен – мұрагері.
Астанада Отауыңа белгі қойды
Тұрғансың осы үйде Сәкен Сері.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі