Күзгі жел және ағаштар
Бұл бетте «Күзгі жел және ағаштар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күзгі қара жел
Үйіре ұйтқытып
Оңын да, солын да
Бұрқырап соғуда.
Сол желден
Алау-далау боп
Бұлқынған ағаштар
Мына заманның
Қатерін ұққандай.
Ақыры
Шыдай алмастан
Ереуіл жасап
Шеруге шыққандай.
Осы бір желдің қала мен
Қара жер үстін
Қарала шаңға
Көмгендерін-ай...
Ызаға булығып
Шеруге шыққан
Тізілген ағаштардың
Иір-иір білектерін
Оңды-солды
Сермеулерін-ай...
Қара жел суығы
Сүйекті шағып,
Өңменнен өтіп барады...
Шұбырған ағаштар
Көше бойымен,
Қолдарын сермелеп
Орталық алаңға
Алау-далау боп
Жұлқынып кетіп барады...
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі