Жағымпаздың екі монологы

Бұл бетте «Жағымпаздың екі монологы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 687
1.ТІРІ КЕЗІНДЕ
Сіз кетпеңіз!
Сіз кетсеңіз—
Мына дүние
Қақ жарылады ғой.
Сіз кетпеңіз—
Солтүстік Мұзды Мұхит
Жер шарына
Топан боп жайылады ғой.
Құдай басқа бермесін
Тынық мұхит
Тыныштығынан айрылады ғой.
Бүкіл Африка,
Бүкіл Америка,
Бүкіл Азия,
Бүкіл Еуропа
Қара жамылады ғой.
Сіз кетпеңіз!
Жер жүзі дәл қазір
Күнді емес,
Сізді айналып тұр ғой.
Сіз қазір
Аспан астындағы
Темірқазықсыз!
Сол қазыққа
Дүние байланып тұр ғой!
Сіз кетпеңіз!

2. ӨЛГЕННЕН СОҢ
Атаңа ғана лағынет!
Ақыры кеттің бе!—
Бәрін бүлдіріп,
Бәрін тындырып
Өттің бе!
Бүге-бүге
Екі тізем
Күс болды ғой.
Қайтадан тіктеп тұруым
Күш болды ғой.
Күйіне-күйіне
Мына дүние
Бұзылып кете жаздады ғой.
Иіле-иіле
Бел омыртқам
Үзіліп кете жаздады ғой.
Енді сен
О дүниеде
Пейіштің нұрын емес
Құрт пен құмрысқаны
Іріңдей былжыратып
Сорып жатасың!
Аптапты күнде де
Көріңнің ішінде—
Қалшылдап!—
Тоңып жатасың.
Енді мен
Жағынуды аңсап
Басқаша адам,
Басқаша атырап табам!
Мен саған енді
Топырақ салсам да
Доңыз сарыған
Топырақ салам!
Атаңа ғана лағынет!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жағымпаздың екі монологы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жағымпаздың екі монологы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жағымпаздың екі монологы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жағымпаздың екі монологы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері