Сен оны сезесің бе? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Сен оны сезесің бе?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 712
Елестей ербеңдеген
Әне бір жүргендер
Жанымды
Аязды күндей
Қатырғалы тұр.
Ерең-серең еткен
Әне біреулер
Тұнық көлдерімді
Итаяқтағы жуындыдай
Сапырғалы тұр.
Сен оны сезесің бе?!
Тағы да әне біреулер
Желді күнгі дауылдай—
Өз елін!—
Қамыстай құлатып,
Қоғадай жапырғалы тұр.
Ең сұмдығы!—
Кеудесін күнде тоқпақтап
Мақтанып жатқан
Бейшара Қазақстанға
Болат азулы,
Жез тырнақты біреулер
Атылғалы тұр.
Сен оны сезесің бе?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері