Ата және немере
Бұл бетте «Ата және немере» атты Қадыр Мырза Әли жазған ата туралы өлең берілген.
Ата менен немере
Аяқталмас бір дастан.
Екеуіне не керек
Егілмесе нұрлы аспан!
Артық кім бар, шынында,
Ауылдағы қартыңнан!
Немересі Құлындай
Құлдырайды артынан.
Баласының баласы
Бауыр баспай қалды ма?
Атқа қонса атасы
Отырады алдына.
Қуанады атасы
Қауын үзіп бақшадан.
Немеренің сапасы
Бөлегірек шақшадан.
Шіркін, қарттар шабытты
Шұбыртады-ау батасын!
Немерелер бақытты
Түшкірткенге атасын.
Қуат алып,
Күшейіп,
Мәз болады шал қанша!
Немересі есейіп
"Насыбайсыз" қалғанша!
Өте тамаша өлең екен
Қадыр - менің сүйікті ақыным. Мен оны ХХ ғасырдың ұлы ақыны деп білемін! Себебі ол жырламаған тақырып жоқ. Оның жырларында ой да, сезім де бар...
өте керемет өлең
Зын олен
Тамаша
Бұл ақын менің ет бауыр жерлесім, қанша мақтасаңда сөз жетпейтін жан. Топырағы торқа болғай!!!