Үрей – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Үрей» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 794
Өрттей тұтанды —
Қайдағы-жайдағы...
Бір елді түп-түгел
Үрей жайлады.
Үміттің
Күні тұтылды.
Әлдене құтырды.
Әлдене жұтылды.
Аспандағы бұлттар
О, тоба,
Ақырын бере гөр,
Жұрттың
Тас төбесінде
Бірде сатырлап,
Бірде күтірлеп
Сеңдей көшті.
Түрі де,
Түсі де сұп-сұйық
Қауесет сөз біткен
Желдей есті:
Еліңнің
Қазына-байлығын
Басып алыпты.
Қарсы келгендердің
Қылтадан қиып
Басын шауыпты...
Сонан кейін-ақ
Сол елге Үрей үстіне
Үрей кірді.
Солардың бәрін басқарып
Үстіне
Қара кастюм,
Мойнына
Галстук таққан
Бір әлемет
Дүлей жүрді.
Сол бір Дүлей
Басын көтергендердің
Басынан ұрады.
Жанын
Көзіне көрсетіп
Тізесін батырып
Кеудесін сығады.
Міне тағы да
Ел-жұрттың алдында
Біреуді
Қамырдай иледі,
Біреуді
Ағаштай сүйреді.
Ұміт үзілді,
Сенім күйреді.
Ақырында
Сол елді —
Тізесін дірілдетіп,
Белін бүктірген
Бордай үктірген —
Ұлы мәртебелі
Үрей биледі!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үрей өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Үрей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үрей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үрей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері